«Асқақ арманды алаш ардағы»

Қазақстанда Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. Биыл жыл кітабы болып С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы таңдалды. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала,екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, ірі суреткер, реалист ақын болып табылады. Осы орайда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Асқақ арманды алаш ардағы» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеге шолуды жас оқырмандар арасында кітапханашы Қ.Сейтенова өткізді. Осы акция аясындағы іс-шаралар легі жыл бойы кітапханада жалғасын таппақ.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s